Ақбантай батыр
Үлгі:Әскери қайраткер Ақбантай батыр, Бура Найман Ақбантай батыр (1691-1780) — қазақ-қалмақ соғысына қатысқан аға батыр.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> "Ер Қабанбай" жырының бірнеше нұсқасында Қабанбай батырдың жақын досы ретінде аталады.
Шыққан тегі Найман тайпасының Бура руынан, сол Бураның ұранынан айналған. Хан жарлығы жетісімен Бура руынан жиналған 10 мың жасақпен қалмаққа қарсы өз бетінше жорыққа аттана беретін болған. Ақбантайды халық көзсіз ер, аңғал, салқам батыр бейнесінде есте қалдырған.
Әбілмәмбет, Абылай хандармен, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге 1743 — 50 ж. болған Шорға, Қандысу, Айдынсу, Алқабек, Білезік шайқастарына қатысқан.