Ақан Нұрманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақан Нұрманов (1933-1968) -жазушы, Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Аманкелді ауданы орталығында орта мектепті бітіреді.

Еңбек жолы

1951 — 1952 жж. Қазақ тау-кен институтына оқыды. Ал 1957 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1957 — 1964жж. Қостанай облысы, Аманкелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде қызмет істеген. 1964 — 1968 жж. «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Шығармалары: Арайлы таң. Повестер. А., «Жазушы», 1964; Аққу жұлдызы. Повестері., «Жазушы», 1965; Қүланның ажалы. Роман, повестер және әңгімелер. А., «Жазушы», 1969, 1976 және 1977 (орыс тілінде), 1985.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}