Ақан Есімов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Есімов Ақан (1900 жылы туған, Еңбекшілдер ауданы) – озат жұмысшы. Еңбек жолын «Қазақ-алтын» кеніштерінде бастаған. 1935 жылы Степняк қаласындағы стахановшылар қозғалысы жетекшілерінің бірі болған. Ол бір мезгілде екі бірдей дәнекерлеуші станогында жұмыс істеп, белгіленген жоспарды екі-үш есе асыра орындаған. 1937 жылы механикалық-жөндеу зауытының директоры, қалалық Халық депутаттары кеңесінің төралқасына мүше болып сайланады. 1938 жылы 1-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. «Бірінші бесжылдық» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub