Ақай (Ақтөбе облысы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Ақай (2010 жылға дейін - Ильинка)<ref>Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селосын Ақай ауылы деп қайта атау туралы</ref> – Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Ақай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Алға қаласынан батысқа қарай 68 км-дей жерде, Сарықобда өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1229 адам (608 ер адам және 621 әйел адам) болса, 2009 жылы 654 адамды (335 ер адам және 319 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 590 адамды (315 ер адам және 275 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Тарихы
Іргесі 1953 жылы астық шаруашылығына маманданған “Парижская коммуна” ұжымшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1996 жылдан өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том.</ref>