Ақай Төбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақай Төбе – көне қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір қыстағынан оңтүстікке қарай 7 км жерде, Арыс өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан. Алғаш 1969-70 жылдары Қ. А. Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген. Қаланың қазіргі орны 25 м аумақты алып жатыр. Орталық қорғанның биіктігі 8 м, шахристанның ұзындығы 80 м, қоршай салынған рабадтың ұзындығы 150-200 м. Ақай төбеден қыш құмыра, қол диірмен, темірден жасалған ыдыстар, күбі көзелердің қалдықтары табылған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда қала біздің заманымыздан бұрын 1 — біздің заманымыздың 7-8 ғасырларда аралығында болған.<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}