Ақадыр тауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Ақадыр - Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Балқаш қаласының солтүстік-шығысында 40 км жерде, Тоқырау өзені жағасында, батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері — 583 м.

Жер бедері, геологиялық құрылымы

Беткейлері жайдақ, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. Ерте ортаңғы тас көмір дәуірі гранитоид жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Сортаңды сүр қоңыр топырақта жусан, бұйырған, баялыш өседі. Оңтүстік беткейінде бұлақтар және тұщы сулы құдықтар (Манас құдығы) бар. Күзгі, көктемгі жайылым.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер