АҚШ теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АҚШ теледидары - АҚШ-тағы алғашқы телестанциялар өз хабарларын 1941 жылы шілде айынан бастап бере бастады.<ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>

XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап олардың саны 1200-ге жетті, олардың ішінде 860-тан астам коммерциялық телестанциялар бар. Жетекшілік рөл үш аса ірі компанияға тиесілі: “Нейшнл бродкастинг компани” - NBC (Эн-Би-Си); “Коламбиа бродкастинг систем”-CBS (Си-Би-Эс); “Американ бродкастинг компани”-ABC (Эй-БИ-СИ).

1987 жылы 87,4 млн. америкалық отбасыларда телевизорлар болды, олардьң 59%-ы 15 және одан да көп бағдарламаларды, 31 %-ы 30-дан астам эфирлік және кабельдік бағдарламаларды қабылдады. Үкіметтің қаржылық демеушілігін пайдаланатын қоғамдық теледидар “Паблик бродкастинг сервис” -PBS (Пи-Би-ЭС) компаниясына (біріктірілген, оның құрамында 300 станция бар.

Эфирлік және кабельдік теледидар дами түсуде. 1981 жылы 31 желтоқсанда күніне 24 сағат бойы жұмыс істейтін "Кейбл ньюс нетуорк" CNN (Си-Эн-Эн) кабельдік ақпарат хабарларын тарату арнасы іске қосылды. АҚШ теледидарында бағдарламалар жеткізудің жер бетіндегі және Жер серіктік тармақталған жүйесі, дүниежүзіндегі ең ірі кино өнеркәсібі бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}