Ағын су энергиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағын су энергиясы (Энергия водотока) — жер бетіне түскен жауын-шашын, кар, мәңгі мұздар ери келе суға айналып, өзінің массалы күшімен ағып, ой, ойпаң, ойысты жер бетімен төмен карай ағып кайнардан бұлаққа, бұлақтан өзеншеге, одан өзенге айналып, теңізге немесе көлге келіп құйылады. Су жоғарыдан төмен ағып теңізге құйылар кезіндегі табиғи процесте белгілі бір жұмыс аткарады. Бұл табиғи жұмыс үйкеліс күші: ағын су ішіндегі және ағын су мен арнада болатын табиғи құбылыс өзен арнасын шайып, түптік шөгінді тасымалдарды ілестіріп, ең соңында жылу энергиясына айналады. Қандай да болмасын ағын суда белгілі бір шамада энергия болады және өзінің бастауында жер жағдайына байланысты еңістігі жоғары болса, өзен арнасын қарқынды түрде шайып, жиналған түптік шығарындыларды төмен алып кетіп, үлкен жұмыс атқарады (эрозиялық іс-әрекет). Ағын су энергиясының өсерінен қазіргі жер бетінің геологиялық бедері пайда болды. Өзен алқабындағы барлық ағын су энергиясын гидроэнергетикалық қор деп атайды. Қалыпты ағындылы өзен теліміндегі үзындықты L, еңістікті i = tga қүлау биіктігін H0 деп алсақ, белгілі бір межедегі өзеннің колденең қимасының ауданы w, су өтімі Q бөлған жағдайда ағын жылдамдығы: v=Q/w, м/сек., немесе Q=W*v м3/с, қуаты N = 9,81 * 0 * Н кВ

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}