Ағынды өзгермелілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынды өзгермелілігі (изменчивость стока) — ағынды шамасының уақыт аралығындағы құбылмалылығы. Ағынды өзгермелілігі тәуліктік, маусымдық, жылдық және көпжылдык тербелістер нысанында көрінеді, алайда тар мағынада ағынды өзгермелілігі термині көбіне ағынды тербелістерінің көпжылдық болашақтағы құбылыстарын сипаттау үшін қолданылады. Бұл тербелістер ағындының жылдық шамаларын сипаттау үшін, сондай-ақ ағындының жекелеген фазаларына немесе жыл кезеңдеріне (маусымдық, максимум, минимум ағындылар) тән жекелеген шамаларын сипаттау үшін де қарастырылады. Ағынды өгермелілігінің көпжылдық мерзімдегі сандық өлшемі ретінде вариациялар немесе өзгермелілік коэффициенті алынған.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}