Ағаш майы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағаш майы - ағаштан арнайы тәсілмен алынған сығындысының атауы. Ағашты көмірге айналдыру, осы арқылы ағаш майын өндіру XIX ғасырдың екінші жартысында таулы және орманды өңірлерді мекендеген қазақтар үшін кәсіпке айналды. Ол көбіне қайыңнан алынатындықтан қайың майы деп те атаған.

Ағаш майын алудың жолы

Ұсақталған ағаш жаңқаларын түбі арнайы тесілген қазанға салады. Тесіктің астына ыдыс қойылады. Қазанның астына маздатып от жағады. Оттың қызуымен ағаш көмірге айналады. Ағаштың құрамындағы шайыр балқып, қазан түбіндегі тесік арқылы ыдысқа құйылады. Алынған ағаш майын малдың қотыры, қойдың көнтек тәрізді тері ауруларына қарсы қолданған. Сондай-ақ арбаның дөңгелегін бабында ұстап тұру үшін ағаш майын қолданылды. Сол сияқты тобылғыны жаққанда пайда болған майды ожау, қасыққа тосып жинап алып, жылы күйінде адамның тері ауруына қарсы пайдаланған, теміреткіге жағып, дауалаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағаш майы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}