Ағашты бояу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағашты бояу - ағаштан жасалған затты ертеде қазақ шеберлері көбіне табиғи бояулармен сырлаған. Бояудың құрамында май болса ағашқа сіңіп, саз аспап дыбысына нұқсан келтіреді. Көбіне үй ағаштарын бояуға сарғыш түсті топырақтан алынған жосаны кең қолданған. Томар бояу, қына, рауғаш, сары ағаш, шырғанақ тағы басқа сол сияқты өсімдіктердің тамырын бояуға араластырған. Емен, тал, терек ағашының қабығы, ермен мен жусанның бүрі, жеміс ағаштарының күзде түскен жапырақтары, пияздың қабығы да бояу әзірлеуге жарамды. Өсімдіктерден бояу алу үшін шеберлер олардың тамыры, қабығы, жапырағын кептіріп, ұсақтап алып қайнатады. Басытқы ретінде аздап ас тұзын ашудас қосып, ұзақ қайнаған соң ірімтігін үзіп алып, бояудың қанжылым кезінде ағашқа бұлғауышпен жағады. Бояу біркелкі сіңу үшін, боялатын ағаш бұйымды алдын-ала ылғалдап алады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағашты бояу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}