Ағайын жұртты аралау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағайын-жұртты аралау (ағайын-жұртпен қоштасу) - қазақы ортаның қатынас нормаларынан туындаған ғұрып түрі. Ол - алыс сапарға аттанарда, басқа жаққа қоныс аударар алдында, ал ұзатылатын қыз ұзату тойы болмас бұрын өз ағайын-туғандарын, туысқандарын аралау, ағайынның шаңырағына бас сұғып, дидарласу, «от жаққан жерінен» дәм тату ғұрпы. Ертеде ата-анасы ұзатылар қыздың жанына бірнеше қыз, бір-екі жеңге, ат бағатын бір жігітті қосып, ағайын-туыспен қоштасуға жіберетін болған. Олар бір-бірін өсиет, үлгі-өнегелі ғибраттарын айтысып, өкпе-реніштері болса кешірісіп, «көзіндей» көріп жүретін бағалы жеке дүниелері мен өз қолынан жасаған сәнді әдемі бұйымын ескерткіш ретінде алмасады. Бұл көшпелі қазақы ортада ағайынның арасындағы бірлікті ұйыстыратын, қауымның берекесі мен ынтымағын арттыратын қатынас қағидасы ретінде қалыптасты.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағайын жұртты аралау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}