Ағайындылар (ұғымы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағайындылар — бір ата-анадан немесе ағалы-інілілерден өрбіген жақын туыс адамдар. Туысқандықты білдіретін және туыстық қарым-қатынас нормаларын реттейтін бұл ұғымның көшпелі шаруашылық-мәдени қатынастарында атқаратын өзіндік «қызметі» бар. Олардың жасына қарай бір-біріне аға-іні, әпкелі-сіңлілі болып есептеледі. Сондықтан олар, өз әкесінің ағасын әке деп айтуға хақы бар. Соның айғағындай әкесінің аға-інілерін «үлкен әкем немесе кіші әкем» деп атау қалыптасқан. Дастарқан басында отырғанда ағайындылар жасына қарай үлкені жоғары, кішілері төменірек отырады. Дәм татқанда да осы әдеп (этикет) сақталады. Ағайындылардың балалары азамат жасына жеткендері олжа бөліссе, онда жол жасы кіші болса да аға баласына тиеді. Мұны қазақ жолы үлкен (әкесі үлкен) дейді. Егер бұл жол бұзыла қалса, ол ағаға зәбір жасағанмен бірдей. Егер ағайындылардың біреуінің әке-шешесінің біреуі балалары есейген кезде дүние салса, онда ағайындары оған жан-жақты жәрдем етуге міндеттейді. Жыласуға туысқан жақсы, сыйласуға жат жақсы; Ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар, жалғыз басты жігіттің шыгар-шықпас жаны бар, — деген мақал-мәтелдер ағайындылардың татулықта, бірлікте болу керектігін меңзейді. Ағайын-туыс адамдар, дәстүрлі ортада «ауылы аралас, қойы қоралас», бір-біріне жақын ауылдас, қоңсылас болып тіршілік кешкен.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағайындылар (ұғымы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}