Аяқбас ақжапырақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Аяқбас ақжапырақ (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасының ақжапырақ туысына жататын бұта. Қазақстанның Қаратау, Қызылорда, Түркістан өңірлерінде кездеседі. Биікт. 70 см. Бұтақталған сабағы тік өседі. Жапырақтары жіңішке, шеті сыртына қарай қайрылып келеді, ұзындығы 10 – 20 см, ені 2 – 5 мм-дей болады. Күлте жапырақшалары қошқыл қызыл түсті. Ақ түсті гүлдері дара себет гүшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Тұқымы – төбесі төмен қараған пирамида тәрізді, 4 қырлы. Аяқбас ақжапырақ өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref>

Сілтемелер

<references />

Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub