Аяған Шәжімбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тексерілмеген мақала Аяған Қуандықұлы Шәжімбаев — актёр, режиссёр, сценарист.
Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Өмір жолы
- 1952 жылы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген.
- 1959 жылы Бірлік ауылында бастауыш сыныбын, кейін орта мектебін және 1970 жылы Петропавлдағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық қазақ мектеп-интернатын (қазіргі Әбу Досмұханбетов) бітірген.
- 1970 жылы «Ленинское знамя» (қазіргі Солтүстік Қазақстан) редакциясында жұмыс істеп, жаңа фильмдерге рецензия жаза бастады.
- 1972-1974 жылдар аралығында Алматыда жұмыс істеді. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының екі жылдық актерлік студиясында актер және режиссер қызметін атқарды.
- 1974-1976 жылдары Қазақстан Республикасының халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Р. Сейтметовтың шеберханасында оқыды. С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында актер болып, сахналық өнерін жетілдірген.
- Қазақ киносының дамуына ықпал еткен "Алжир" (1989), "Жансебіл" (1991) деректі фильмдерін түсірген.
- "Қазақфильм" студиясында "Транссиберт Экспресс" (1977), А. Мәмбетовтың "Көлеңке" (1981), С. Пуинчиннің "Мадам Вонг", (1986), А. Қарсақбаевтың "Біздің Ғани" (1971), Серік Нарымбетовтың "Арман Атамен" (1967), Серік Ахметовтің (1982), Серік Аметовтың "Күш дәмі" (1982) жұмыс жасаған.
- Қазіргі таңда, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Аяған Шәжімбаев» атындағы шаңырақ атауы бар.