Аягүл Төреқызы Миразова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Аягүл Төреқызы Миразова (15 желтоқсан, 1948 жылы Жамбыл облысы, Берікқара ауылында туған) — математика пәнінің мұғалімі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Академигі. Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері (2008). «Алтын жұлдыз» және «Отан ордені»нің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. Алматы қаласының Құрметті азаматы (2013).

Толығырақ

  • Аягүл Төреқызы 1948 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы, Берікқара ауылында дүниеге келген.
  • 1972 жылы Жамбыл педагогикалық иниститутының математика факултетін бітірген.
  • Аягүл Төреқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 1991 жылы тамыз айында жалпы орта білім беретін мектеп болып ашылған бірінші күнінен бастап оның директоры қызметінде.
  • Аягүл Төреқызының барлық оқытушылық қасиеттері мұғалімдер мен оқушылар көмектесуге бағытталған. Баланың жоғары интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу оның негізгі борышы деп есептейді.

Еңбегінің жетістігі

  • Аягүл Төреқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 1991 жылы тамыз айында жалпы орта білім беретін мектеп болып ашылған бірінші күнінен бастап оның директоры қызметінде осындай жетістіктерге жетуде:
  • 1992 жылы мектепке ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді.
  • 1992 жылдан мектепте «пилоттық мектеп» информатикалық бағдарламасымен оқыту жүйесі іске қосылды;
  • 1996 жылы Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырлуымен өткен «Алматы қаласының үздік ұйымдастырушы – ұстаздар» байқауында мектеп ұжымы жеңілімпаз атанды;
  • 1997 жылы Республикалық «Әдістемелік бейне» байқауында 1ші орын иеленді;
  • 1997 – 1998 жылдары мектепке «Гимназиялық мектеп» атағы берілді;
  • 2001 жылы Республикалық үздік мектеп аталымын жеңіп алды;
  • 2004 жылы «Үздік мектептің әйел басқарушысы» республикалық байқауда Аягүл Төреқызы жеңіске жетті;
  • көптеген мектептің ұстаздары республикалық байқауларда «Үздік ұстаз» аталымдарына ие;
  • көптеген мектептің оқушылары республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларда топ жарған;
  • Мектепте жоғарғы санаттағы 16 ұстаз, 34 «Білім беру ісінің үздігі» атағының иегерлері, 4 «Еңбек ардагері» меділінің иегерлері, 2 «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», 6 «Ы.Алтынсарин» медалінің иегерлері, 23 ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасының иегерлері және т.б дарынды ұстаздардан жиналған республикалық мектеп-гимназиясы.

Мемлекеттік марапаттары