Ащылау алқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ащылау алқа (Үлгі:Lang-la) – алқалар тұқымдасы, алқа туысына жататын, биіктігі 4 метрге дейін жететін, жартылай бұталы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Сабағы төменгі жағында қырлы, жолында кездескен өсімдіктерге орала, көлбеу өседі.
  • Төменгі жағындағы жапырақтары сопақшалау келген жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін, сағақтары үзын, ұштары сүйір, жоғары жағындағы жапырақтары жіңішке.
  • Гүлдері әдемі, көкшіл түсті, топталып, шоғырланып, төмен қарай салбырап тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен.
  • Жемісі қызыл түсті, эллипс тәрізді, ішінде көптеген тұқымдары бар.

Ашылау алқа ылғалды ормандарда, бұталардың арасында, өзен жағаларында, шабындықтарда өседі. Дәрі жасау үшін оның жоғарғы бөлігін жапырақтарымен қоса жинап алады.

Емдік қасиеті және қолданысы

Ащылау алқаның құрамында салоецин, ащы заттар, танин, С дәрумені, дулкамарин бар. Халық медицинасында тері ауруларын, есекжемді, бронх демікпесін емдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар қуықтың қабынуын, ревматизмді, іш өткенді емдеу үшін де пайдаланылады.

Зиянды әсері

Ащылау алқаның жемістерін көп жесе балалардың уланып қалуы мүмкін. Уланған кезде жүрек қатты соғып, ентігу пайда болады, іш ауырады, құсады, іші өтеді, есінен танады. Сондықтан бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді тек дәрігердің бақылауымен ғана пайдаланған жөн.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз