Ащыағар мұнай кен орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұнай кен орны Ащыағар мұнай кеніМаңғыстау облысы Ақтау қаласының шығысында 40 км жерде орналасқан. Құрылым 198789 жылдары барланып, 1990 жылы ашылды.

Геологиялық құрылымы

Құрылымның өлшемдері 3,1×1 км, амплитудасы 40 м-ге жуық. Кен ауқымының қимасы стратиграфиялық жағынан триастың терригендік-карбонатты шөгінділерінен, юра мен бордың терригендік жыныстарынан құралған. Коллекторы аралас типті, карбонатты, ашық кеуектілігі 9%, өткізгіштігі 0,19 мкм2.

Құрамы

Мұнайы жеңіл, тығыздығы 830 кг/м3, парафині 19,5%, 3,5% шайырлар мен асфальтендер бар, газға қанық қабаты 196 м3/т. Мұнайда еріген газ құрамы жағынан ауыр этан мен пропаннан тұрады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер