Ашық құндызшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Ашық құндызшөп (Үлгі:Lang-la) - ерте көктемде жапырақтары жайылғанға дейін гүлдеп үлгеретін, көп жылдық, сарғалдақтар тұқымдасы құндызшөп туысына жататын шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Тамыры қоңыр түсті, тік өседі.
  • Сабағы 45 см-ге дейін жетеді, өн бойында жібек сықылды жұмсақ түктері, сабағының ортасына таман сабақты қоршай орналасқан бір топ тілімделген жапырақтары бар. Түп жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, саусақ сықылды екі-үш салалы.
  • Гүлдері жеке-жеке орналасқан, ірі, ақшыл көк немесе ақшыл қызыл түсті. Сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Ормандардың, бұталардың арасында, ашық жерлерде өседі.

Ашық құндызшөпті орыс тілінде "сон трава" ("ұйқы шөбі") деп те атайды, ол халық арасында: ашық құндызшөптің тамырын жалаған жануарлар ұйқыға кетді-мыс деген ұғымға байланысты болса керек. Кейде мұны сыртқы ұқсастығына қарап "жабайы қызғалдақ" деп те атайды. Өсімдіктің құрамында протоанемин, анемонин, сапониндер бар.

Емдік қасиеті

Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жерге түскен бөлігін пайдаланады.

  • Ашық құндызшөптің тұнбасы микробтарды, грибоктарды жояды. Сондықтан оны іріңді жараларды және терінің грибоктармен зақымданған жерлерін емдеу үшін пайдаланады.
  • Өсімдіктің тұнбасы туберкулезді, жөтелді, бронх қабынуын, әйелдердің жыныстық ауруларын емдеу үшін қолданылады.
  • Халық медицининасында ашық құндызшөпті ұйықтатын және жүйкені тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланылады.
  • Ревматизмге ұшырағанда буындарды осы өсімдіктің спиртті ерітінділерін жағып емдейді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Өсімдіктің 1 шай қасығын 1 стақан салқын суға салып, 1 тәулік қояды да сүзіп алады. Осы тұнбаны тері ауруларын емдеу үшін дене сыртына жағады. Тұнбасын өте аз мөлшерде ішеді, себебі ашық құндызшөп улы, сондықтан оны дәрігердің бақылауынсыз пайдаланауға болмайды.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз