Аша Матай
Үлгі:Музыкант Аша Матай (шын есімі — Ақбота Маратқызы Аскарбекова) (1988 жылы Алматы, Қазақстан) – қазақ әншісі және актрисасы. «Шабыт» және «Жаһан дала» бас жүлдесінің иегері, Республикалық телешоу «Империя звезд» конкурсының жеңімпазы.<ref>http://www.biografia.kz/media/asha-matay.html Үлгі:Webarchive</ref>
Биографиясы
Аша Матай Алматыда заңгерлердің отбасында дүниге келген. Найман тайпасының Матай руынан шыққан.
Алматы қаласындағы №163 орта мектепті бітірген.<ref>http://malimetter.org/?p=10649</ref> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. 2008 жылдың наурыз айынан бастап HitTV музыка арнасының VJ-і.
Теннис бойынша «Спорт шеберінің кандидаты».
Жеке өмірі
2015 жылдың 25 қыркүйегінде Аша Матай Mysterions музыкалық тобының солистерінің бірі әнші Арман Қоңырбаевқа (1989 жылдың 11 қаңтары) тұрмысқа шығады. Әлеуметтік желілерде "жыл тойы" деп аталған салтанатқа қазақстандық атақты адамдар (Айқын, Ділназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова, "All Давай" тобы және тағы басқалар) қатысты. Жас жұбайлар үшін үйлену тойында бірнеше композицияны танымал рэпер МС Сайлаубек орындады. Бали аралында бал айын өткізді (Индонезия).
Фильмографиясы
- 2009 — Біржан Сал
- 2009 — Астана ғашықтар мекені
- 2009 — Обратная сторона
- 2010 — Коктейль для звезды
- 2010 — Настоящий полковник
- 2016 — 16 қыз