Ашарит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ашарит , ссайбелит — бораттар класының минералы. Химиялық формуласы: MgHBO3. Табылған жері — Ашерслебен қаласының(Германия) атауымен аталған. Ромбылық сингонияда кристалданады. Бор тәрізді борпылдақ немесе жіптей тарамдалған агрегаттар түзейді. Түсі — ақ. Қаттылығы 3 — 3,5; меншікті салмағы 2,65 г/см3. Борат кен дерінің үгілу қабаттарында жаралады. Ашарит — Атырау облысындағы борат кен дерінің басты минералы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Сингониясы ромбылық. Онын, топырақ түріндегісі көп кездеседі. Кейде талшықты формалары болады. Оптикалық солақай, 2u кішкене. Ng =1,650, Nm = 1,646, Nр = 1,575.

  • Жаратылысы. Ашарит — суы тартылған келдерден пайда болған борат кендерінің бетінде үгілуден (басқаша айтқанда суы кетіп өзгергенде —дегидратацияда) пайда болатын қайталама минерал. Ол тек кейбір сирек жағдайда ғана ізбестасты немесе доломитті контакт-метасоматикалық жағдайда пайда болады.

Ашарит қоры едәуір көп болса, басқа бораттармен қатар бор қышқылын алуға, бордың езін және оның қажетті қосындыларын алуға қолданылады. Сондай қосындының бірі — бура (Na2B4О7 • 10Н2О ) , мысалы, оптикада, қағаз өндірісінде, эмаль жасауда, тағы басқа химиялық өндірістерде қолданылады.

Кендері. Ашарит Совет Одағында және шет елдерде кені Ашерслебенде (Саксонияда), Рецбаньяда (Румыния), Невадада (АҚШ), Канадада (Британ Колумбиясы) кездеседі.

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}