Ашанти (мемлекет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Coord Үлгі:Мемлекет

Ашанти немесе Ашанти Федерациясы немесе Эджису - ертеде феодалды тұрпаттағы мемлекет. 17 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-да Алтын Жағалау (қазіргі Гана) жерінде болған.

1697-1701 ж. құрылған. Ашанти экономикасында егіншілік мен ұсақ кәсіпшілік (көзе жасау, ағаш ою, тоқымашылық, металл өндеу т.б.) едәуір орын алған. Құл және алтын саудасы өрістеді. Мемлекетке жоғары көсем (ашантихене) басшылық етті, оның басқару орталығы Кумаси қаласында болды. Жеке облыстарда жергілікті көсемдер (оманхене) билік жүргізді. 1896 жылғы 7 соғыста Англия Ашантиді жаулап жаулап алып, жеке тайпалармен протекторат туралы келісім жасасты. Ашанти дербес мемлекет болудан қалды. 1900 ж. ашантиліктер британ отаршыларына қарсы көтеріліс жасады. Көтерілісті басөаннан кейін Англия Ашанти жерін Алтын Жағалаудағы отарына қосты. 1935 ж. ағылшындар сөз жүзінде Ашанти Федерациясын қайта құрғанмен, іс жүзінде елді Алтын Жағалаудағы ағылшын губернаторы басқарды. Тәуелсіз Гана мемлекеті құрылғаннан кейін 1957 жылғы конституция бойынша Ашанти жері облыс статусын алды<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>.

Дереккөздер

<references/>