Ахун Құсайынов елшілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахун Құсайынов елшілігі Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783 — 1797) кезінде Ресей үкіметі атынан қазақ даласына келген (1785, 1790) мәмілегерлік топ.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Екеуін де Орынбордың Шекаралық экспедициясы жанындағы қазақ ахуны (кейін мүфти) М. Құсайынов басқарған. Уфа және Сібір әкімш. аймағының мирасқоры барон О. Игельстромның өкімімен 1785 жылы Жіберілген. Елшіліктің міндеті — халыққа арналған “Ашық хатты” тарату, елді тыныштыққа шақыру, көтерілісті тоқтатқандарға кешірім жасалып, жеңілдіктер берілетінін түсіндіру, сондай-ақ зәбір-жапа шеккендердің өтініш-талаптарын тексеріп, істің ақ-қарасын айыру үшін Орынборда Шекаралық сот және Расправа мекемелерін құруға қазақ елағаларын үгіттеу болды. 1790 жылы Игельстром қызметпен кетіп, оның орнына А. Пеутлингтің тағайындалуына байланысты саясат шұғыл өзгерген кезде Сырымның талап етуі бойынша А.К.Е. қайта келген. Сырым патша әкімш-мен келіссөз жүргізу арқылы Орал әскерлерінің шапқыншылығын тоқтатуды, жазықсыз тұтқындалғандарды босаттыруды, шептің екі бетіндегі бос жатқан жерлерді пайдалануға қол жеткізуді, сондай-ақ Нұралы ханның жасақтарымен ішкі саяси күресте өзіне қолдау табуды көздесе, отарлау саясатының әдісін ғана өзгертпек болған патша үкіметі бұл елшілікке: Кіші жүзде хандық өкіметті қайта нығайтуға бағыт ұстауды, қазақтардың орыс бекіністеріне шабуылдарын, сауда керуендерін тонауды тоқтатуды, Бұхараның діни ықпалындағы адамдардың орысқа қарсы үгітіне тойтарыс беруді міндеттеді. Алайда, ең басты мәселе жөнінде: “Мен сендердің Орал әскерлерімен араларыңдағы дау-жанжалды тексеруге келгем жоқ... тек мұң-мұқтаждарың мен қандай өтініш-тілектерің бар екенін білу үшін келдім” деген мүфти сөзіне елдің көңілі көкшімеді. Елшілік нәтижесіз аяқталды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ахун Құсайынов елшілігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}