Ахмет Оспанұлы Мұса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұса Ахмет Оспанұлы (26.12.1933, Омбы облысы, Омбы ауданы Ахмет ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты, доцент. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірген (1957). 1957- 1958 ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл ауданы, Асаново стансасында орта мектеп мұғалімі. 1958-1961 ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас мектеп- интернатында орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәрбиешісі, Алматы облысы оқу бөлімінде сектор бастығы. 1961-1981 ж. ҚазКСР ҒА М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, институттың ғалым-хатшысы. 1981-1990 ж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясының бірінші орынбасары. 1990 жылдан осы күнге дейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясының практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің негізгі салалары: әдебиеттану, ТМД халықтары әдебиетінің өзара байланысы, қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, жоғары оқу орындарының орыс тілді студенттеріне қазақ тілін үйрету.

Шығармалары:

  • Қазақ тілін үйренеміз. А., 1992-1994;
  • Ускоренный курс казахского языка для начинающих. А., 1992, 1994;
  • Қазақ тілі. Оқулык.А., 1995; Мен қазақша сөйлеймін. Окулық. А., 1996.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}