Ауғанстан туы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Байрақтар Ауғанстан туын (Үлгі:Lang-ps, Үлгі:Lang-fa) Ауғанстан Ислам Республикасы 2004 жылдың 4 қаңтарында қабылдады.

Ту қара, қызыл және жасыл түсті жолақтардан құралады. Дәл ортасында, яғни қызыл түстің ортасында Михрабмешіт қабырғасындағы Меккеге бағытталған қуыс белгіден тұратын елтаңба белгіленген. Қазіргі ту Ауғанстан патшалығында 1930-1973 жылдар аралығында желбіреген туға ұқсас келеді. Айырмашылығы — мешіттің жоғарында Шаһаданың қосылуы.

Ауғанстан 20 ғасырда мемлекеттік туына ең көп өзгерту еңгізген мемлекет болып табылады.<ref>http://flagspot.net/flags/af_his.html</ref>Хотаки династиясы кезіннен яғни 1709 жылдан бастап Ауғанстан тарихында 20 әртүрлі ту болыпты.

Тарихи тулар

Қолданылған жылдар
Ту
Пропорция
Үкімет
Аңғартпа
1709–1738
108px
2:3
Хотаки династиясы
1747–1842
108px
2:3
Ахмад шаһ Дуррани басқарған уақыттағы және династиясының туы
1826–1880
Бұл кезеңде ресми ту болмады.
Ауғанстан әмірлігі
1880 жылға дейін Баракзай династиясың туы болған жоқ.
1880–1901
108px
2:3
Ауғанстан әмірлігі
Абдуррахман хан басқарған уақыттағы ту.
1901–1919
108px
3:5
Ауғанстан әмірлігі
Хабибулла хан басқарған уақыттағы ту.Хабибулла әкесінің туына қазіргі Ауғанстан елтаңбасының негізін қалаған белгіні қосты.
1919–1926/29
108px
2:3
Ауғанстан әмірлігі
Аманулла хан басқарған уақыттағы ту. Әкесінің туына октаграмма бейнесіндегі сәулелерді қосып, тудың өлшемін ұлғайтты.Ауғанстан 1926 жылы патшалық болды.
1926–1928
108px
2:3
Ауғанстан патшалығы
Аманулла хан басқарған уақыттағы екінші ту. Хан октаграмманы алқагүлмен алмастырып, Ауғанстан елтаңбасына аздаған өзгертулер еңгізді.
1928
108px
3:5
Ауғанстан патшалығы
Аманулла хан басқарған уақыттағы үшінші ту. Қара, қызыл және жасыл түстерден құралған тудың қара түсі бұрынғы туларды, қызыл түсі Үшінші ағылшын-ауған соғысындағы қантөгісті, ал жасыл түсі болашаққа үміт артудың нышаны.
1928–1929
108px
2:3
Ауғанстан патшалығы
Аманулла хан басқарған уақыттағы төртінші ту. Жаңа белгіде патшалықтың жаңа бастамасының нышаны екі қарлы таудың ортасында батып бара жатқан күн бейнеленген.
1929
108px
2:3
Ауғанстан патшалығы
Хабибулла Калакани (Бұрын Бачай Сакао атымен танымал болған) басқарған уақыттағы ту. Қызыл, қара және ақ түстерден құралған ту XIII ғасырдағы Моңғолдардың қол астындағы қазіргі Ауғанстанның туымен бірдей болған.
1929–1930
108px
2:3
Ауғанстан патшалығы
Надир шах Мұхаммед басқарған уақыттағы ту. Қара, қызыл және жасыл түстерден құралған ту қайтадан орнына келді. Тудағы екі қарлы таудың ортасында батып бара жатқан күннің белгісі Аманулла ханның туындағы октаграммамен ауыстырылды.
1930–1973
108px
2:3
Ауғанстан патшалығы
Надир шах Мұхаммед басқарған уақыттағы екінші ту, бұл туды оның баласы Задмр шах Мұхаммед те қолданды. Тудың түстері өзгірген жоқ, алайда октаграмма алынып, белгі үлкейтілді. Белгімен мешіттің арасына Надир шах Мұхаммед династиясы бастау алатын ١٣٤٨ жыл (Ислам күнізбесі бойынша 1348 жыл, Григориан күнтізбесі бойынша 1929 жыл) салынған болатын.
1973–1974
108px
2:3
Ауғанстан республикасы
Ауғанстан республикасындағы алғашқы ту. Бұрынғы туға өте ұқсас, айырмашылығы — ١٣٤٨ жыл жазуы алынды.
1974–1978
108px
2:3
Ауғанстан республикасы
Ауғанстан республикасындағы екінші ту. Бұрынға тудағы түстер өзгермегенімен олардың мағыналары өзгерді: қара түс қиын-қыстау замандарды, қызыл түс тәуелсіздік үшін қантөгісті, ал жасыл түс ауыл шаруашылығының гүлденуін білдіреді. Тудың сол жақ жоғарында жаңа белгі - кеудесінде мінбар, айналасында бидай және күн сәулесі бейнеленген қанатын жайған бүркіт бейнеленген.
1978
108px
2:3
Ауғанстан демократиялық республикасы
Мемлекеттік төңкеріс кезінде мемлекет басшысы өлтіріліп, Кеңес одағының көмегімен зайырлы социалистік мемлекет құрылды. Тудың дизайны өзгермегенімен бүркіт бейнесі алынып тасталынды.
1978–1980
108px
1:2
Ауғанстан демократиялық республикасы
Бұл ту XX ғасырдағы социалистік мемлекеттердің туларының жалпы дизайны қызыл алаңнан және сол жақ жоғарында сары белгіден құралады. Алқагүл бейнесінің жоғарына жұлдыз (ұлттың бес этникалық тобын білдіреді) және ортасына арабтың өрме жазуымен жазылған Khalq (халық) жазуы қосылды. Бұл ту Нұр-Мұхаммед Тараки басқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясының Халық фракциясының да туы болды.
1980–1987
108px
1:2
Ауғанстан демократиялық республикасы
1979 жылдың желтоқсанында Парчам фракциясы Халық фракциясын құлатқасын ту өзгерді. Жаңа басшылық қара, қызыл және жасыл түстерінен құралатын ту қайтадан орнына келді. Батып бара жатқан күннен (мемлекеттің бұрынғы атауы - Хорасан “Күншығыс елі” дегенді білдіреді), мінбе және кітаптан (Карл Маркстың Коммунистік партияның манифесі немесе Капиталы деп есептелінеді), ұлттық түстердегі баудан, өнеркәсіптің нышаны - тісті доңғалақ және коммунизмның белгісі қызыл жұлдыздан құралған жаңа белгі пайда болды.
1987–1992
108px
1:2
Ауғанстан республикасы
Алдыңғы тумен ұқсас келген бұл тудың айырмашылығы — Тісті доңғалақ жоғарыдан төменге ауысты, қызыл жұлдыз және кітап алынып тасталынды және жасыл алаң көкжиекпен ұқсас болу мақсатымен майыстырыды.
1992
108px
1:2
Ауғанстан Ислам Республикасы
Прокеңестік тәртіп құлағанан кейін уақытша құрылған ту. Жоғарғы жолақта арапша тәкбір (Аллаху Әкбар), ал ортаншы жолақта Шаһада орналасқан.
1992–1996
108px
1:2
Ауғанстан Ислам Республикасы / Солтүстік Альянс
Шаһада логотипте жазылып, логотиптің жоғарына "دا افغانستان اسلامی دولت" (Ауғанстан Ислам Республикасы).
1996–1997
108px
2:3
Ауғанстан Ислам Әмірлігі

Талибандар қозғалысының ақ түсті туы.

1997–2001
108px
2:3
Ауғанстан Ислам Әмірлігі
1997 жылы Талибан туына Шадаһаны қосты.
2001–2002
108px
1:2
Ауған уақытша әкімшілігі
2002–2004
108px
1:2
Ауған өтпелі әкімшілігі
Ту қара, қызыл және жасыл тігінен орналасқан жолақтардан құралады. Бұл түстер 1920 және 1990 жылдар аралығындағы Ауғанстан туларында болды. Тудың ортасында Михрабмешіт қабырғасындағы Меккеге бағытталған қуыс белгіден тұратын елтаңба белгіленген. Бұл ту 1930 және 1973 жылдар аралығындағы Ауғанстан патшалығының туына өте ұқсас. Айырмашылығы — мешіттің жоғарына шаһада қосылып, Ұлыбритания бодандығынан шыққан ١۲۹٨ жыл (Ислам күнізбесі бойынша 1298 жыл, Григориан күнтізбесі бойынша 1919 жыл) жызылды. Алтын түсті елтаңбамен өрнектелген бейресми ту да бар.
2004–
108px
2:3
Ауғанстан Ислам Республикасы
Алдыңғы туға өте ұқсас. Айырмашылығы - "دا افغانستان اسلامی دولت" "Ауғанстан Ислам Республикасы" жазуы қысқаша "افغانستان" Ауғанстан жазуымен алмастырылды..

Үкіметтік тулар

Қолданылған жылдар
Ту
Пропорция
Үкімет
Аңғартпа
1931–1973
108px
2:3
Ауғанстан патшасы
Ауғанстан патшасының патшалық байрағы.
2004–
108px
2:3
Ауғанстан президенті
Ауғанстан президентінің байрағы.

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер