Ауғанбай Қалиұлы Қалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Ауғанбай Қалиұлы Қалиев (1934 жылы туған, Маңғыстау ауданы) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» (1978).

Өмірбаяны

ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) физикалық-математикалық факультетін бітірген (1955).

1956 – 59 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл орта мектебінде оқытушы, 1959 – 62 жылы Алматы Қыздар педагогикалық институттында оқытушы, 1962 – 67 жылы ҚазҰПУ-дың аспиранты, аға оқытушы, доцент және 1967 жылдан физикалық-математикалық факультеті деканының орынбасары, 1981 – 91 ж О.А. Жәутіков атындағы республикалық физикалық-математикалық мектебінде физика пәнінің мұғалімі болды.

Еңбектері мен марапаттары

Қалиев жоғары оқу орындары мен мектептерде физиканы оқыту, физика тарихы, оқу процесін және өз бетімен оқу жұмысын ұйымдастыру сияқты мәселелеріне арналған 60-қа жуық ғылыми-әдістемелік еңбектер мен мақалалардың авторы, физика мен физика әдістемелігінен көптеген оқу бағдарламаларын қазақшаға аударған. Білім минститутнің Құрмет грамотасымен марапатталған (1988).

Үлгі:Суретсіз мақала