Ауырсыну адаптациясы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ауырсыну адаптациясы. Мыс: теріге ине шаншып, инені қозғалтпай ұзақ ұстаса ауырғаны сезілмей қалады, ал инені сәл қимылдатса ауырғанды сезеді. Инені ұзақ уақыт бір қалыпты ұстағанда, ауырғанды қабылдағыш рецептор иненің сол әсерінің күшіне бейімделіп, сезбей қалады. Ауырсыну түйсігі. Ауырсыну биологиялық өте маңызды қорғаныс бейімі болып табылады. Сипаты мен күші бойынша қиратушы тітіркендіргіштердің әсерінен ауырсыну организм үшін қауіпті әсерлер жөнінде бслгі береді. Адам денесінде ауырсынуға сезімтал емес және ауырсынуға сезімтал болімдер болады. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелері сәйкес келеді. Экспершіенттік зерттеулер көрсеткеңдей, ауырсыну нүктелерінің таралуы динамикалық, қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсіктері белгілі бір тітіркендіргіштен келетін импульстардың қаркындылығы, ұзақтығы мен жиілігінің шамадан тыс артуының нәтижесі болып табылады. Ауырсыну сезгіштігіне аз қозғыштық тән. Ауыртатын тітіркендіргіштен кейінгі импульстар баяу өткізіледі. Ауырсыну импульстарына бейімделу оте баяу жүреді. Ауырсынуды сезіну белгілі бір қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың орналаскан жері айқынсыз болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}