Ауызша тіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауызша тіл — дыбысталып айтылатын тіл және бұл жерде ой білдірудің құралдары мен фонетикалық жүйесі қолданылады; ауызша тіл сөйлеу үрдісінде пайда болады; ауызша тілге сөзді суырып салып, табан астында айту шеберлігі мен тілдік ерекшеліктері тән. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Мәселен, лексиканы таңдаудағы еріктілік; қарапайым сөйлемдерді қолдану; әртекті сұраулы, лепті, жай сөйлем түрлерін пайдалану; қайталаулар; ойды қысқа түрде, толық мәнде жеткізуге болатындығы. Сөйлеуші өз сөзін табан астында құрап, ойын жүйелеп жеткізуі тиіс. Ол бір мезетте сөздің мағынасымен де, формасымен де жұмыс істейді.

Ауызша тіл тыңдаушылардың болғанын қалайды. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі естіп қана қоймайды, бірін-бірі көріп отырады, сондықтан да Ауызша тіл айтылған ойдың қалай қабылдануына тікелей тәуелді болады. Ауызша сөйлеу тілінің құрылымы сауатты түзілген болуы керек. Айтылған ойдың мағынасы қарапайым, әрі қысқа беріліп, көрермендердің тез, әрі оңай қабылдауларына мүмкіндік жасалуы тиіс.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}