Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін — жетілдіруде ең бастысы тұрмыстағы сөйлеу қатынасына ерекше көңіл бөлу. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңызды, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіру. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей, күнделікті өмірде қате сөйлеуге үйреніп алсаңыз, қанша дайындалып, ескергеніңізбен көпшілік алдына шыққанда сол әдетіңізді қоя алмайсыз. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы сөйлеу мәнеріңізге аса сақтықпен көңіл аударыңыз. Іскерлік әңгімелесулерге, кездесулерге, достарыңның арасында болатын әртүрлі мәселелерді талқылайтын пікірталастарға, пікірсайыстарға белсенді түрде қатысуға кеңес беріледі. Бұл адамның сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуте, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}