Ауызсу сақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауызсу сақтау - ауызсу тапшы жерлерде жазғытұрым уақытта су қорын жинаудың тәсілі және қар суын кәдеге жарату амалы. Ертеде көшпелі ортада қыс бойы жауған қарды шұңқырлау жерге ұю арқылы ауызсу сақтау мен мал суаратын су мәселесін шешіп отырған. Әуелі ауызсу сақтауға лайық, қолайлы жер таңдалады: қалың саз қабатты, тығыз жерде суды сақтау өте тиімді. Себебі су ұзақ сақталады. Су сақтайтын орынды орманнан алыс, жазық далада таңдаған. Құмдауыт жерде сақталған қар мен су тек маусым айына дейін ғана жетті.

Ауылға жақын маңдағы желдің жиі соғатын бағытына қарсы дөңес, шоқы жерлерге жел үрлесінің әсерінен жиналған қарға жақын келесі бетіндегі шұнқырлау жерге қыс бойы шанамен қарды тасып үйеді. Қар үйіндісіне қарап, қысқы желдің бағытын анықтауға болады. Егер қар үйіндісі батысқа қарай жиналса, басты желдің шығыстан соққаны, ал солтүстік-батысқа қарай болса, желдің оңтүстік-шығыстан болғаны. Борап соққан жел қарды үйінді етеді. Қар ери бастаған шақта қарды домалатып үйіп, үстемелей түседі. Көлемі мая пішінінде немесе киіз үй тәрізді үйілген қардың үстін күн көзінен тасалап, қамыс, бұта, шілікпен жауып қояды. Ойдың ішкі жағына қамыс төсейді, бұл желдің өтпеуіне, қардың еріп кетпеуіне әсер етеді. Күн жылынған уакытта, наурыз айында қар толығымен жауып болғаннан кейін, үстіне сабанды төсеп, оның үстіне топырақ тәрізді үйіндіге айналған шымды салады. Шым қабаттың қалыңдығы адам етігімен басқанда, қардың сықыры естілмейтиндей қалың болуы қажет. 4-5 адам немесе екі атпен шымды нығыздап басады. Осылай тапталған қар біраз уақытқа дейін, кемінде бір-екі ай ауызсу сақтаумен қамтамасыз етуге және мал суаруға мүмкіндік берген.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ауызсу сақтау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}