Аутистік ойлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аутистік ойлау (грек, autos — өзім) — тұлға немесе мәдени феноменнің тұйық, терең үңілген типі, тұлғаға қатысты «шизоид» термині де қолданылады. Оны «шизофреник» түсінігімен ауыстыруға болмайды. Шизоид — туысқандарының қанында шизофреникалық гендердің болуы мүмкін, бірақ, өзі шизофрениямен ауыра алмайды, өйткені, бұл орынды оның сипаттамалық типі алып қойған, оның басты белгілері: өзіне-өзі сіңу (интроверсия) және материалды өмірмен салыстырғанда рухани өмірді басты деп есептеу. Бұл мағынада аутистік ойлау — идеализмнің синонимі. Бірақ аутистік ойлау философиялық емес, психологиялық ұғым болып табылады. Шизоид-аутист міндетті түрде ақын не философия профессоры емес, маңыздысы — оның санасы белгілі бір бағытта жұмыс істейді. Аутистік ойлау ұғымын швейцариялық психолог және психиатр Эуген Блейлер енгізген, ал Эрнест Кречмер «Тән қүрылымы және мінез-құлық» деген кітабында оны суреттеп берген. Әдетте, ол арық және үзын түра, салқынқанды, тарамысты болып келеді. Әр мәдениеттің, өнердің, әртүрінің өзіндік адам типі бар. XX ғ. аутист-шизоидтар жиі кездеседі. Сыртқы тұрқымен аутистік типке жататын XX ғ. мәдениетінің ұлы өкілдері: Джеймс Джойс, Густав Малер, Арнольд Шенберг, Дмитрий Шостакович, Карл Густав Юнг. XX г. Аутистік ойлау тек жеке тұлғалар емес, сонымен бірге тұтас ағымдарға да тән.

<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аутистік ойлау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}