Аудитория үшін жаратылып, экран үшін туылатын адамдар.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аудитория үшін жаратылып, экран үшін туылатын адамдар. Шалқар шабыт, еселі еңбек, талмай ізденіс, тіл заңдылығының жүйесін білетін зерделілік, аузымен құс тістеген шешендік қатарласа еріп, қапталдаса жүре алатын тұлға. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Әрі тележурналист эфир кезінде үнемі сезім мен тартыстың айдынына ескекті қатар салады. Ой арпалысына кейіпкер пікірі қатарласа шығып, сезімге серік болатын лирика мен мұң-шер, әрі ұстасу мен арбасу, айқасу мен айтысу астарласа келіп, эфирде жеңістің я жеңілістің ащы дәмінің бірін татуға тура келеді. Таразы басына ақыл мен парасат, білім мен біліктілік, ой мен идея қатар қойылып, ортақ ойдың қазығына байланып, шиырлана түседі.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}