Аудиторияға сауалнама жүргізу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аудиторияға сауалнама жүргізу — телекомпаниялар аудиторияны сандық өлшеу ғана емес, сондай-ақ жекелеген хабарларды немесе тұтастай бағдарламаларды бағалау талап етілген жағдайларда сауалнамалар мен күнделіктерді пайдалануы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Сауалнамалық және (телефондық) пікір білулер электрондық өлшемдерді толықтырады және "қайтадан тексереді". Көптеген зерттеушілер телефондық сұхбатнаманы аудиторияны өлшеудің неғұрлым оперативтік әдісі деп есептейді. Аудитория көлемін, онын назарын бір күн бойына бөлуді, әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларды айқындайтын қолданбалы әдістермен катар телеаудиторияны сапалық жағынан зерттеулер де кеңінен таралған. Мұндай зерттеулердін мақсаты теледидардың қоғам өміріндегі рөлін, оның көркемдік құндылығын, аудиторияның пікірлері мен талғамдарын қалыптастырудағы ықпалын айқындайды. Әдетте осыған ұксас іргелі жұмыстар, атап айтқанда, сауалнама жүргізудің көмегімен хабар тарату қызметтерінің тапсырысы бойынша университеттердің, институттардың, әртүрлі қорлар мен қауымдастықтардың базасында өткізіледі.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}