Аудармабас етік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аудармабас етік - қалыпқа тартылмай-ақ жай кептеліп барып ұлтарылатын етіктің түрі. Етіктің бұл түрі күнделікті жұмыс, шаруаға арналған әшекей, ою-өрнек салынбаған қарапайым болып келеді. Аудармабас етікті дайындаудың ел ішіндегі кең таралған тәсілі - аяқкиімнің басы мен керсенін біртұтас пішін алып, оған ұлтару тәсілімен табан қондырады. Сондықтан, мұндай аяқкиімді ұлтарма етік деп те атайды. Аудармабас етікті үлкен де, кіші де кие береді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>