Ауада жүзгіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауада жүзгіш"Қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 4 бөлімді, Қазақ-орыс тілдерінде фильмі (1990). <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Фильм Ұлы Отан соғысының ардагері Сайд Жылқышев жайлы, оның ауада жүзгіш аппаратпен шұғылданатыны жөнінде түсірілген. С. Жылқышев Циалковский атындағы ауада жүзу мектебін бітірген, дирижабльде, ауа шарында ұшқан, 1938 жылы 18 тамызда Әуе флоты күнінің құрметіне жасалған шеруге қатысқан. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Ленинградты қорғаған. Мұнда ол бақылау аэростаты дивизиясын басқарған. Кадрларда: КСРО кинофотоқұжаттарының Орталық мемлекеттік мұрағатынан хроника: ұшып бара жатқан дирижабль, адамдар отырған дирижабль, ауада жүзгіш ер кісілер, гондольер, әскери хроникадан кадрлар. Режиссеры — С. Морозов, операторы — А. Швецов.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}