Ат құлақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ат құлақ , атқұлақ (Үлгі:Lang-la) – тарандар тұқымдасы, қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның солт., батыс, шығыс облыстарындағы өзен жағалауларында, орманды алқаптарында және шалғынды-жайылымды жерлерінде өседі. Биікт. 150 см-дей, сабағы тік, қырлы болады. Шоқтана біткен жапырағының сырт пішіні аттың құлағына ұқсас болғандықтан өсімдіктің аты соған байланысты қойылған. Шеті тілімденген, гүлшоғыры ұзынша келеді, кейде шоғырлана орналасады. Гүлшоғырына жиналған гүлі майда, ақшылдау. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі – үшқырлы жаңғақша. А. қ-ты мал жемейді. Оның тамырында 8 – 12% илік заттар бар. Одан сары немесе қара бояу алынады. Тамырынан алынған дәрілік заттар – іш және тері ауруларына ем. Халық медицинасында бауыр ауруын емдеуге де пайдаланады, тұқымынан қайнатып алынған дәрімен дененің күйген жерін емдейді. А. қ-тың құрамында 13% белок, 2%-ға жуық шикі май және ерітінді темір қоспасы бар. Сондықтан оның сабағы мен дәнінен ұн қоспасын алуға болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат құлақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}