Атқонақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Атқонақ (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын, қарабас шалғын деп аталатын дәнді шөптердің бір туысы, бір немесе көп жылдық өсімдіктер.


Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Еуропада 18 ғ-дан бастап мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Қазақстанның оңтүстік-шығыс, оңтүстік, орталық, шығыс аудандарында өседі. Атқонақтың далалық атқонақ, альпілік атқонақ, шашақты атқонақ, рожевиц атқонақ сияқты түрлері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы және жиі кездесетін түрі – шалғындық Атқонақ (Ph. pratensіs). Оның биікт. 60 – 100 см. Сабағы көп жапырақты болады. Жапырағы түп жағында көп болғандықтан, шоғырлана өседі.Гүлшоғыры – жалған масақ. Масағы ұсақ, бір гүлді келеді. Тұқымы – ұсақ ақшыл түсті, сопақша дән. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Атқонақ – қолдан өсірілетін жоғарғы өнімді, бағалы мал азығы. Оның әр га-сынан 30 – 40 ц өнім алынады. Ылғал жеткілікті болса, жылына екі рет оруға болады. Атқонақтың топырақ тыңайту үшін де маңызы зор.<ref>Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер