Атшабар бала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атшабар бала - ат жарысында атпен жарысқа түскен шабандоз бала. Тақымы қатқан жас балалар ат үстіне әрі жеңіл, әрі икемді болады. Әлбетте денесі толысып, буыны қатып, омыртқалары бекіген соң жеті-сегіз жасар кезінен бастап баланың атқа шабуына рұқсат етіледі. Қыз балалардың атқа шабуы ішінара кездеседі, олар көбінесе жорғаға мінеді. Атшабар бала бастарына орамал байлап, үстілеріне қызыл-жасыл түсті шыт көйлек киеді. Атшабар бала жарыс бойында аттың күшін есептеп отырады. Ол үшін аттың тынысын кеңейтіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында желдің бағыты мен күшін есептейді. «Ат шаппайды, бала шабады» деген сөз осындайда айтылса керек. Атшабар балаларды ат иесі өз елінен ала келетін. Бәйгеге шабатын аттардың ер-тоқымы да шағын, үзеңгілері көбінесе ағаштан жасалды.

Атшабарлықка ат иесі кейде өз баласын таңдайтын. Немесе ауыл арасынан атқа икемді елгезек бала таңдалынды. Атшабар баланы ат баптау кезінде ат иесі өзімен бірге ертіп жүрген. Бәйгеден жүлделі оралған баланың тиісті үлесі заттай, кейде ақшалай беріліп отырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атшабар бала|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}