Атжал
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Атжал — егістік танабында жыртылмай қалған аралық немесе пішен шапқанда тік қалған шөп, не орылмай қалған егін масағы. Егіс аралығындағы атжалға зиянды жәндіктер ұя салып, көбейіп өсіп-өнеді, бұл әр түрлі өсімдік кеселдерінің тарауына себеп болады. Сондықтан егістікте не шабындықта қалған атжалды қол шалғымен орып алу керек.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>