Атағозы Айтқұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атағозы Айтқұлұлы (17041794) – батыр. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

  • Руы – адай. 40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жастарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан.<ref name = silteme1>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 </ref>
  • 1726 жылы қалмақ ханы Цэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түсті. Кейіннен Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау жерлерінде басқыншылармен болған шайқастарға қатысқан. Халық аузында Атағозы батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған. <ref name = silteme1/>
  • Х.Досмұхамедов өзінің «Аламан» жинағында Атағозы есімін қазақтың атақты билері қатарында атайды. Мұрат Мөңкеұлы, Аралбай, Нұрым сынды ақын-жыраулар Атағозыны жырға қосқан. <ref name = silteme1/>
  • Зираты Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км жерде.
  • 2004 жылы батырдың 300 жылдығы облыста кең көлемде аталып өтті.<ref name = silteme1/>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}