Атаулы сөздер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атаулы сөздер - өзіне тән толық лексикалық мағынасы, тұрақты дыбыстық құрамы, морфологиялық белгісі, дербес синтаксистік қызметі бар негізгі сөздер тобы.

Айналада ұшырасатын, өмірде қолданылатын дербес ұғымдардың атаулары Атаулы сөздер тобына жатады (аз, ар, бас, жол, ұн, із, оқы, кел). Атаулы сөздердің түбірі өзгермейді. Олар жеке тұрып та, өзге сөзбен тіркесіп те сөйлемде дара не күрделі мүше бола алады. (үйде - үй ішінде, айтты - айта берді).

Атаулы сөздер тілдегі барлық сөзге ұйытқы саналады. Атаулы сөздерден жаңа сөз (үйші, онша), көмекші сөз (үст, екен), шылау сөз ( мен, қарай), одағай сөз (апырым-ай, әттеген-ай), қосымшылар (-мен, -тен) туа береді.

Атаулы сөздер үлкен екі салаға бөлінеді:

  1. есімдер (зат есімі, сын есімі, сан есімі, есімдік, үстеу, еліктеуіш сөз)
  2. етістіктер.

Дереккөздер

  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том