Атамекен (көркем фильм)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Атамекен фильмі.jpg
"Атамекен" фильмі. Ақсақал - Е.Өмірзақов, 1966 ж.

"Атамекен" - көркем фильм. 1966 ж. "Қазақфильм" киностудиясында түсірілді. Сценарий авторы О.Сүлейменов, режиссері Ш.Айманов, операторы М.Айманов, суретшісі Қ.Қожықов, композиторы Е.Рахмадиев. Басты рольдерде Е.Өмірзақов (Шал, Қазақстан мемлекеттік сыйлығы, 1968), М.Ахмадиев (Баян), т.б. ойнайды. Фильм үздік режиссер шешімі үшін Халықаралық кинофестивальда (Майндағы Франкфурт, Германия) арнаулы дипломға,1967 ж. Орта Азия республикалары мен Қазақстан кинофильмдері байқауында (Душанбе) "Тау хрусталі" сыйлығына ие болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}