Ас-Сануси

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ас-Сануси (Снуси), а с - С а й й и д (Сиди) М ұ х а м м е д б. әл-Муджахир и әл -Хасан и әл-Идрис и (1791 - 1859 ж.ш.) - Солтүстік Африка сопысы, санус бауырластыгының негізін қалаушы. Мостаганем қаласының (Алжир) маңындағы Турс деген жерде туған. Оған беделді сопылық тиджанийлер бауырластығының басшысы Ахмед ат-Тиджани (1815 ж.ө.) көзқарастары ықпал етті. 1829 ж. ас-Сануси жиһанкездік сапарға шықты; ол сабақ берумен айналысып, әрқилы бауырластықтардың сопылық зікір салу рәсімдеріне қатынаста, Каир мен Меккеге барып хидрилер немесе хадирилер бауырластығын басқаратын солтүстік африкалық сопы Ахмед б. Идрисиге шәкірт болды. Ұстазы малики фикһтары тарапынан жасалған қуғын салдарынан Меккеден кетіп, оңтүстік Арабияның Сабия қаласына барып жасырынған кезде ас-Сануси онымен бірге аттандат Ахмед б. Идриси өлген соң оның ізбасарлары екі бауырластық құрып, оның біреуін ас-Сануси басқарды. Өздеріне бақталас бауырластықтың қысымымен ас-Сануси (1840, немесе 1843 ж.) Меккеден кетуге мәжбүр болды. Ол Киренаик а келіп, зауияның негізін қалады. ас-Сануси санусилік бауырластықтың орталығын Жағбубты таңдады. ас-Сануси өзінің көрегендік саясаты мен әдеттен тыс талантының арқасында жергілікті тайпалардың ерекше құрметіне бөленіп, іс жүзінде Киренаиктың билеушісіне айналды, ас-Санусидің ықпалы Солтүстік Африканың басқа аймақтарына да тарады. Өзінен кейін Арабия түбегінде көптеген ізбасарлары қалды. ас-Санусидің Жағбубтағы бейітінің басына аса бай әшекейлендірілғен мазар ұрғызылды. ас-Санусидің діни қағидасына Исламның алғашқы түрдегі «пәктігіне» оралу қажеттігі туралы идея негіз болды, бірақ сөйте тұра ас-Сануси сопылық пен Солтүстік Африкада кең қанат жайған сопылық «әулиелер» дініне қарсы шыққан жоқ. ас-Сануси ізбасарларына өзі «дін жолына адал» деп есептейтін бауырластықтардың (мұндайлар 40 еді) мистик, зікір салулары мен рәсімдеріне қатынасуға рұқсат етті. Ол тіпті өзін бұл бауырластықтардың негізін салушылардың рухани мұрагері екенін үнемі ескертіп, соның куәсі ретінде солардан тараған иснадтарды келтіріп отырды. ас-Сануси ас-санусийлердің қадирийлер, шазилийлер, насирийлер және идырысшыл хидрийлер бауырластықтарымен тікелей рухани ағайындас екенін дәлелдеумен болды.

  • ас-Санусидің сопылық көзқарастарының ерекше белгісі Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.)-ды пір тұтқан. Ол санусилерден қажымай-талмай соған ғана жалбарынып дұға оқуды, оның белгіленген санына қарамай қайта-қайта оқуды талап етті. ас-Сануси мен оның ізбасарлары өз бауырластығын «Мұхаммедтікі» (ат-тарика әл-Мұхаммедшілер) деп атады. Фикһ мәселесінде ас-Сануси өзін маликшілерге жатқызған. Ол дін мәселелерін шешуде Құран мен суннаға ғана сүйенуді талап етті және «келісім» мен «ұқсастығына қарай пайымдаудың» мәнін теріске шығарды. Сөйте тұра ол діндар адамның «Қасиетті кітап» сөздерін өзінше топшылауға құқығы барын, сондай-ақ белгілі бір мазһаб төңірегінде беделді діни ғұламалар жасаған қағидаларға сүйеніп, жекелеген діни мәселелер бойынша өздерінше тұжырым жасауға ерікті екендіктерін жақтады. ас-Сануси малики қызметіне бірқатар өзгерістер енгізді: қолды жоғары көтеріп намаз оқыған кезде кеуде тұсында айқастыру, белді бүгіп еңкею және тізе бүгу, бірқатар дұға ережелерін дауыстап айту, т.б. Бұл «жаңалықтар» бірқатар маликшіл фикһтер тарапынан қатаң сынға ұшырады. ас-Сануси өзінің ізбасарларына Солт. Африка сопылары сияқты мойындарына тәсбих салып жүруге, музыка аспаптарында ойнауға, би ұйымдастырып, зікір кезінде ән айтуға, шылым тартуға, насыбай атуға, кофе ітуге тыйым салды. ас-Сануси өз көзқарастарын мына шығармаларында баян етті; «әл-Фахраса» - 150 сопылық шығарма мен олардың ас-Санусиға дейінгі жеткізушілердің тізімі; «ас-Салсабил әл-муин фи асанид әл-ар-баин» белгілері санусишілер зікірінен тұратын 40 сопылық бауырластық зікірінің сипаттамасы; «Шифа ас-садр» - санусилік қызметтің бірқатар даулы ережелерін ақтау ас-Сануси ілімі тұтас алғанда мейлінше ұғымды, игеруге жеңіл де түсінікті болды - ол өзімен ғана шектелмей, оның жорамалдауынша төніп келе жатқан қауіп, дінді мемл-ке бағындыру, мұсылман қауымының моральдық кұлдырауы және бат. Еуропа отаршылдығының шабуылы алдында мұсылмандарды біріктіруді мақсат етті. Бұл мақсатқа жету жолында беделді діни басшы, алғыр саясатшы және дипломат ас-Санусидің жеке басының қасиеттері көп қызмет атқарды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,

2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub