Асқа бата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқа бата — дәстүрлі ас-тағам мәдениетіндегі этикет түрі, әдетте кәделі ас келгенде жасалатын рәсімнің атауы, дастарқан басында отырған жасы үлкен құрметті қонақтың тілек айтып, бата беруі. Асты қабылдаудың алдында жасы үлкен құрметті адам немесе өзіне кәделі сыбаға арналған адам асқа бата жасайды. Сонымен қатар ас желініп болған соң дастарқаннан кәделі табақты келін сәлем салып алар алдында сыйлы қонақ немесе жасы үлкен адамдардан ас иесіне, отағасына, оның отбасына арналған жылы лебіз, ыстық ықылас, жақсы ниет, ізгі тілекті айтқызу мақсатында қауым тарапынан бата сұралады. Көбінесе үйдің кенжесі «бата беріңіз» деп, төрде отырған үлкендерге қарап, қол жайып, ишарат білдіреді. Мұны астан кейін айтылатын бата болғандықтан, шартты түрде ас қайыру деп атайды. Бaтa гілек ұйқасты, мазмұнды сөзбен айтылады. Ac қайырғанда дастарқан басында отырғандар түгелімен қолын жайып, бата тілекке қосылады. Сол кезде төрдегі қария:

Кетпес ырыс, кең пейіл берсін. 
Кеткенін келтірсін, 
Кемтігін толтырсын. 
Мал аман, бас түгел болсын. 
Тілегі цабыл, мұраты асыл болсын!... 
Ас бергенге бас берсін, 
Өмірі ұзақ жас берсін. 
Кетпес дәулет, кең пейіл, 
Қайырымды дос берсін! - 

деген сияқты ұйқасты тіркестерді шұбыртып, тақпақтап бата бсреді. Мұны үй иесіне ілтипат көрсету ғана емес, дәм-тұзды құрметтеудің үлкен нышаны деуге болады. Шаңырақ иесінің нені аңсап, нені көксейтінін аңғарған бата беруші кестелі сөзбен жиналған жиынның мақсатын, үй иесінің арманын дөп басып, ойына алған ісінің оңғарылуына тілеулестік айтады. Дәстүрлі этномәдени ортада батаның мазмұны көбінесе, мал мен бастың амандығы, ырыздықтың мол болуын тілеу тәрізді жалпы тілекпен қоса, үй иелерінің сапарға шықса жолы болуына, жас отауға жан басының өсуіне, келіннің аяғы ауыр болса, аман-есен босанып, ұл-қызды болуына игі ниет білдіру түрінде болып келеді.

Дастарқан жайып, дәм татқызып отырған үйдің үйленгелі жүрген азамат ұлдары болса, солар тілге тиек болып, бата сөздің желісіне айналады. Қазақ ортасында астан кейін ас қайырылып, үлкен адам табақты дастарқаннан алып келінге ұсынады, ол сәлем етіп алады. Кейбір өңірлерде дастарқаннан табақты алып кеткен соң ғана ас қайырылады. Мұндайда үй иесі мен оның бала-шағалары босағада тізіліп тұрып, қол жайып, батаның қабыл болуына тілектестік білдіріп, бет сипасады. Дастарқан басында отырған адамдардың ас қайырылмай орындарынан тұрып кетуі әдепсіздік болып танылады. Діни сарынды, этикалық мәнді баталардың сан алуан түрлері бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асқа бата|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}