Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев (2 тамыз 1972, РКФСР, Орынбор) - қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрі (2018-2020).
Өмірбаяны
Анасы-Жұмағалиева Екатерина Олжабекқызы (1948 жылы туған), кәсіпкер.
Свердлов Суворов ескери училищесін; Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін; қаласы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің техника факультетін (1996) радиобайланыс, радиотарату және теледидар мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң академиясының заң факультетін (2002) «Заңтану» мамандығы бойынша; Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын (Есоіе Роіуіесһпідие Ғесіегаіе сіе Іаизаппе, Лозанна қаласы) электрондық басқару жөніндегі шебер мамандығы бойынша бітірген.
30-дан астам ақпараттандыру мен байланыс салаларын реформалау және техникалық дамыту жөніндегі жарияланымдардың авторы.
Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.
1996 жылдан - «Жарық» ЖШС директоры.
1998 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі РЧС жоспарлау секторының меңгерушісі .
1999 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Келіктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.
2000 жылдан - «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы (ТТБ-орталығы)» РМК-да жұмыс істеген.
2001 жылдан - ҚР Көлік және комму-никация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары.
2003 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары,
2005 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары,
2006 жылдың қаңтарынан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.
2006 жылдың қазанынан - «Қазақтелеком» АҚ президенті (2007 жылдан - басқарма төрағасы).
2010 жылдың наурызынан - ҚР байланыс және ақпарат министрі.
2012-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрі.
2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары.
2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
2019 жылдың 18 маусымынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі.<ref>АНЫҚТАМА. Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы</ref> 2024 жылы 6 қыркүйекте лауазымынан босатылды.<ref>Аскар Жумагалиев освобожден от должности</ref>
Марапаттары
«Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Ю.А. Гагарин атындағы медальдармен (2005); «Құрметті байланысшы» белгісімен (2005) марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің министрлер кабинеті
- 2 тамызда туғандар
- Орынбор облысында туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Астанаға 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан ақпарат министрлері
- Алматы энергетика және байланыс университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Ресей қазақтары
- Қазақстан цифрландыру министрлері