Асқар Серіков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқар Серіков (1927), шахтер, Социалистік Еңбек Ері (1971), КазКСР-інің еңбек сіңірген кеншісі, Құрметті шахтер (1972).

1951-1960 ж. № 20 және № 22 шахтаның (кейін Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахта) тазарту забойында ағаш тасушы, тау-кен жұмысшысы. 1965-1982 ж. кен қазу машинасының машинисі, жер асты слесары, 1982 жылдан осы шахтаның электрослесары. 8-бесжылдықта (1966-1970) жаңа техниканы игеруде үздік табысқа, көмір өндіруде және еңбек өнімділігін арттыруда жоғары көрсеткіштерге жетті. 7-8-сайлауда КазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі. (1971-1975). 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған, «Шахтер даңқы» құрмет белгісінің толық иегері.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}