Асқар Оразалыұлы Шәкіров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Асқар Оразалыұлы Шәкіров (2 ақпан 1956, Қарағанды) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, дипломат, депутат, адам құқықтары жөніндегі уәкіл (2007—2019), Парламент Сенаты төрағасының орынбасары (2019—2023).

Өмірбаяны

1956 жылы 2 ақпанда Қарағандыда дүниеге келді. Арғын тайпасының Қуандық руы Сарманта бөлімінен шыққан.

Білімі

1978 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын “шығыстанушы-тарихшы” мамандығы бойынша тәмамдады. 1985 жылы заң ғылымдарының кандидаты атанды.

Мансабы

1978 ж. - ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

1978-81 жж. - КСРО ІІМ Академиясының Басқару проблемаларын зерттеу ғылыми орталығында жұмыс істеді.

1981-84 жж. - КСРО ІІМ Академиясының адъюнктурасында оқудан өтті.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

1984-87 жж. - КСРО ІІМ Академиясының инспекторы, аға инспекторы, ғылыми қызметкері.

1987 ж. - КСРО ІІМ Орталық аппараты сыртқы байланыстар бөлімінің референті.

1989 ж. - КСРО ІІМ Бүкілодақтық ҒЗИ қазақ бөлімінің бастығы.

1992 ж. - ҚР СІМ бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы.

1995-96 жж. - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы уақытша сенімді өкілі.

1996 ж. - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

1996 ж. - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.

1998 ж. - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2004 ж. - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.

2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Жеке өмірі

Үйленген, 2 ұлы бар.

Әкесі Оразалы Шәкіров (1930—2002) ҚазКСР еңбек сіңірген кеншісі, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала