Асқар Жұмағұлұлы Ислямов
Асқар Жұмағұлұлы Ислямов (4 наурыз 1928 — 30 қазан 2001) — қазақстандық педагог, мектеп директоры, өлкетанушы, Шығыс Қазақстан топонимикасына арналған оқу-әдістемелік еңбектердің авторы; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ КСР және КСРО халық ағарту ісінің үздігі.<ref name="mura">Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары. — Өскемен, 2006. — 420–421-бб.</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
1928 жылғы 4 наурызда Ақсуат ауданына қарасты Қызылкесік кеңшарында дүниеге келген.<ref name="mura"/>
1947–1950 жылдары Семейдегі мұғалімдер техникумында оқыды. 1952 жылы Өскемендегі мұғалімдер институтын, 1962 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдады.<ref name="mura"/>
Педагогикалық қызметі
Еңбек жолын Жанғызтал ауылындағы жетіжылдық мектепте бастады. Кейін Ақжар ауылындағы Абай орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары қызметін атқарды.<ref name="mura"/>
Оқушыларға арналған өлкетану экспедицияларын және туристік жорықтарды ұйымдастырды, жас өлкетанушылардың облыстық слёттеріне қатысты.<ref name="mura"/>
1970–1995 жылдары Жетіарал кеңшарындағы Ленин атындағы орта мектептің директоры болды.<ref name="mura"/>
Ғылыми-әдістемелік және өлкетану қызметі
Ислямов Шығыс Қазақстан топонимикасын зерттеп, өлкетану материалдарын оқу үдерісіне енгізумен айналысты.<ref name="mura"/>
45 жылдық педагогикалық қызметі барысында тәрбие әдістемесі мен өлкетану мәселелеріне қатысты елуге жуық еңбегі аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда жарияланды.<ref name="mura"/>
Ислямовтар педагогтер әулеті туралы материалдар Мәскеудегі А. С. Макаренко мұражайы экспозициясына енгізілді.<ref name="mura"/>
Негізгі авторлық еңбегі:
- Шығыс Қазақстан топонимикасы : әдістемелік құрал. — Алматы: Эверо, 2003. — 112 б.<ref name="catalog">Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының каталогындағы «Шығыс Қазақстан топонимикасы» басылымы. Қаралған күні: 26.12.2025.</ref>
Кейін еңбек өңделіп, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) монография түрінде қайта басылды:
- Шығыс Қазақстан топонимикасы : монография. — Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚУ, «Берел», 2022. — 212 б.<ref name="berel">Шығыс Қазақстан топонимикасы : монография. — Өскемен: ШҚУ, «Берел», 2022. — 212 б. Қаралған күні: 26.12.2025.</ref>
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі»;<ref name="mura"/>
- «КСРО халық ағарту ісінің үздігі»;<ref name="mura"/>
- «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі»;<ref name="mura"/>
- «Еңбек ардагері» медалі;<ref name="mura"/>
- республикалық және облыстық деңгейдегі медальдар мен Құрмет грамоталары;<ref name="mura"/>
- мұғалімдер республикалық съездерінің және педагогикалық әулеттер съезінің (1987) делегаты.<ref name="mura"/>
Естелік
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атты атаулы кабинет ашылды, студенттерге Ислямов атындағы атаулы стипендия тағайындалды.<ref name="vkgk">«Асқар Ислямов атындағы атаулы кабинет ашылуы» // ШҚ гуманитарлық колледжі. URL: https://vkgk.edu.kz/news/for-students/otkrytie-imennogo-kabineta-imeni-askara-islyamova/ Қаралған күні: 26.12.2025.</ref>
2023 жылдан бастап колледж педагогтері арасында республикалық деңгейде «А. Ислямов атындағы үздік педагогикалық эссе» байқауы өткізіледі.<ref name="govkz">«А. Ислямов атындағы үздік педагогикалық эссе байқауы» // gov.kz. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/433155 Қаралған күні: 26.12.2025.</ref>