Асқарбек Кіребайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқарбек Кіребайұлы(1946-2008) - Наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққошқар ауылында туған. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. 1980 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Аудандық «Сырдария», облыстық «Ленин жолы», аудандық «Жаңадария» газеттерінде, Қызылорда облыстық драма театрында, республикалық «Ауыл» газетінде жауапты қызметтер атқарған. 1975 жылы «Көктем тынысы» («Жалын») ұжымдық жинағына өлеңдері енген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Миллиард. Өлеңдер. А., «Қайнар», 1977;
  • Дала туысқандық. Өлеңдер (қарақалпақ тілінде). 1978;
  • Сыршыл көңіл. А., «Жалын», 1979;
  • Алғашқы бәйге. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}