Асхат Өлмесұлы Шойынбаев
Асхат Өлмесұлы Шойынбаев (10.6.1959 жылы туған, Алматы қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1991) бітірген.
1980-93 жылы мотоатқыштар взводы, ротасы, батальонының командирі, полк штабының бастығы болды.
1993— 97 жылы мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі,
1997-2000 жылы танк дивизиясы командирінің орынбасары - штаб бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі,
2000-02 жылы Батыс әскери округі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы,
2002-03 жылы оқу орталығының бастығы қызметтерін атқарды.
2003-04 жылы АҚШ-та қызмет бабымен больш,
2004- 05 жылы құрама (корпус) командирі болды.
2005 жылдан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. Бірнеше медальдармен марапатталған<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>.